00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Антикор пойыз жолаушыларын тасымалдаушыларға қатысты шағымдарды қарады

Антикор пойыз жолаушыларын тасымалдаушыларға қатысты шағымдарды қарады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен көлік министрлігінде теміржол жолаушылар тасымалының проблемалық мәселелері бойынша мәжілісі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға Агенттіктің, Көлік министрлігінің, Теміржол және су көлігі, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеттерінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ТЖ көлігімен тасымалдаушылар қауымдастығының» өкілдері қатысты.

Жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде елеулі бұзушылықтар талқыланды.

Мемлекеттік қолдау есебінен айтарлықтай табыстарға қарамастан, көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етпейтін жекелеген жеке тасымалдаушылардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл жолаушылар вагондарының санитарлық және техникалық жағдайына қатысты шағымдарына әкеледі.

Сонымен қатар, билет тапшылығы және азаматтарға қолайсыздық тудыратын пойыздардың тұрақты кешігуі мәселелері атап өтілді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, тиімді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету (поездарды тексеруді аудио-бейнетіркеу, қызметтер сапасы мен айыппұл санкциялары жүйесін бағалау өлшемшарттарын белгілеу), тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін пысықтауды ұсынды.

«Теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мониторингі жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы  немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.