Екібастұзда ішімдік ішкен 3 ер адам мен 3 әйел ажал құшты

Бүгін, 12:04
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views72
Екібастұзда ішімдік ішкен 3 ер адам мен 3 әйел ажал құшты
Pixabay.com

Оқыс оқиға бүгін таңертең Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінің аумағында болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 101 қызметінің пультіне сағат 06.34-те Солнечный кентінен 7 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД, ГРЭС-2 станциясының өртке қарсы құралымдарының, сондай-ақ Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. 

Бөлімшелер оқыс жағдай орнына келген кезде-ақ тұрғын үйдің толығымен өртке оранғанын байқады. Өрттің салдарынан шатырдың жартысы құлап түскен. Сонымен қатар қызыл жалын іргелес жатқан қосалқы нысандарға шарпып, жалпы ауданы 920 шаршы метрді қамтыды.

Өкінішке қарай, тілсіз жау шаруашылықтың үйінде тараған уақытта баспанада 7 адам болған. Төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін тапты. Олардың жеке тұлғалары анықталуда.

Құзырлы органдар мәселенің жай-жапсарын анықтауға анықтауға кірісті.

Ал бір адам – 1972 жылы туған ер адам өз бетінше сыртқа шықты. Ол жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оған тиісті ем-дом көрсетілуде. 

Сонымен қатар өрт сөндіру барысында 27 литрлі 8 газ баллоны шығарылды. Жалпы, қызыл жалынмен күреске жеке құрамның 30-ға жуық адамы және 10 техника жұмылдырылды.

Мамандар жұмысшылардың қаза табуының себебін анықтауға кірісті. Олардың денелері жанып кеткені не болмаса ыс тиюден қайтыс болғанын сараптама анықтайды.