00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Динара Закиева баспалдақтан құлаған баланың жағдайы туралы айтты

25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Динара Закиева баспалдақтан құлаған баланың жағдайы туралы айтты
фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өзінің Instagram парақшасында Астанада мектепте баспалдақтан құлап кеткен баланың қазіргі жағдайы туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Мен баланың анасымен байланыстамын.

Бала жағдайы қазіргі уақытта орташа ауырлықта, жақсару динамикасы байқалады. Санасы айқын. Сұрақтарға жауап береді, нұсқауларды орындайды. Когнитивті функциялары сақталған.

Қарашықтары тең, фотореакциясы сақталған. Кома болған жоқ.Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деді Динара Закиева.

Ол, сондай-ақ, мектептің осы жылғы оқу жылына дайындық сапасына тексеру жүргізілетінін айтты.