Бейбіт Шүменов қайда қашып кетті?
Боксшыны іздеу шараларына қатысты Астана Полициясы жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Қоғамдық орында тәртіп бұзды деген спортшы туралы қандай да бір жаңа дерек бар ма?, - деген сауалымызға, елордалық полиция әзірге тек іздеу шаралары ғана жүргізіліп жатыр деумен шектелді. Полицияның сөзінше қазіргі уақытта оны өзге елдерден де іздеу жұмыстары рәсімделген. Әзірге оның қайда бой тасалап кетуі мүмкнін екендігі туралы қандай да бір болжам жоқ.
Оқи отырыңыз: Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Ағымдағы жылдың 18 маусымында «Mega Silkway» СОО орын алған оқиға бойынша Астана қаласының Полиция департаменті Бейбіт Шуменовке қатысты ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сонымен қатар, аталған азаматқа қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, мемлекетаралық іздестіруге ресми түрде жарияланды,- деп жауап берді елорда полициясы.
Айта кетейік, 22 шілдеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында Шүменовке іздеу жарияланғаны туралы хабарландыру пайда болды.