00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті

Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті
фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қайғылы жағдай 11 шілде күні Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. 13 жастағы екі қыз бен 12 жастағы қыз Жайыққа суға шомылуға кетіп, қайтып оралмады, деп хабарлады Elorda.info «Орал апталығы» порталына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер жоғалып кеткен күні кешке ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған. Қызметкерлер қыздарды іздеу жұмыстарын сол сәтте бастап кетті. 

Қыздардың денесі 12 шілде күні таңертең табылды. 

Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері үш қыздың қайтыс болғанын растады, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 бала суға кетті.