00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам көз жұмды

19 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Балқашта жантүршігерлік жол апатынан 9 адам көз жұмды
Фото: Polisia.kz

Балқаш - Приозерск тас жолында Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info 

Polisia.kz телеграмм арнасының мәліметінше  қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде болған. 

Жол апаты салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.