Ауылдастар «күдіктіні» өздерінше жазаламақшы болған
Ақмола облысының тұрғындары «қылмыс жасады» деген күдікке ілінген ауылдастарын өз «заңдарымен» жазалауды ұйғарған, деп хабарлады Elorda.info sinegor.kz-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ауыл тұрғыны Ақмола облысының полиция басқармасы бөлімшесіне телефон арқылы хабарлама жіберген. Ер адамның айтуынша, 8 шілде, сағат 23.00 шамасында өзіне тиесілі гаражға екі жас жігіт келіп, оған дене жарақатын салған.
Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларынан кейін күдіктілер ұсталды. Олар бұрын соттылығы жоқ ауыл тұрғындары болып шықты.
Полиция бөлімі бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын салу» 107-бабы, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сотқа қажетті кешенді экспертиз жүргізу тағайындалды.