00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атырауда үлескерлерді алдап келген компания басшылары қамалды

15 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Атырауда үлескерлерді алдап келген компания басшылары қамалды
фото: Оңалхан Өнерхан

Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.

Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспаналарын ала алмай келген. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды,- делінген Атырау облысы прокуратурасының ресми сайтында.

Өз кезегінде, облыс прокуратурасы, әрбір азамат қырағылығын білдіру тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет екенін атап өтті.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.