Атырауда автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ұсталды
Атырауда қоғамдық көліктің жүргізушісін балағаттап, соққыға жыққан ер адам ұсталды. Полиция қызметкерлері бұзақыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Elorda.info Атырау облыстық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісін балағаттап, соққыға жыққан ер адамның жасы – 47-де.
Бүгін, 5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында 47 жастағы ер адам №22 бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің жүргізушісіне күш қолданып, ұрып-соққан. Қазір 49 жастағы жүргізушіге келтірілген дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктіге қатысты бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, белгісіз ер адамның автобус жүргізушісіне қол жұмсаған бейнежазбасы Instagram желісінде тараған болатын.