Астанада такси жүргізушісі шетелдікті алдап кетті
7 қазан, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа 500 теңгеге тасымалдаған, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған жағдай Астана теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде анықталды. Көлік полицейлерінің айтуынша, елорданың 50 жастағы тұрғыны теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. Ол такси қызметіне жүгінген жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан «Сапаржай» автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.
Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды