Астанада құрылыс компаниялары үлескерлердің қаржысын жымқырған
Астана қаласының прокуратурасы елордада жосықсыз құрылыс салушыларды ұстады, деп хабарлады Elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.
Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жедел тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда.