Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elordainfo.kz
Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Elorda.info.
Полицейлердің мәліметіне сүйенсек,, жедел басқару орталығына ер адам телефон шалып, Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер жаңа туған ұл баланы тауып, үсік шалудан аман алып қалды.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, баланың анасын іздестіруде. Сәби жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада
Ұқсас жаңалықтар
17 қаңтар, 2025
Былтыр елордада өзгенің мүлкін бүлдірген 300-ден астам бұзақы жазаланды
17 қаңтар, 2025
Полицейлер бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады
17 қаңтар, 2025
Беларусь ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
16 қаңтар, 2025
Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді