Алматылық танысу сайтында қызбен танысамын деп, басы бәлеге қалды

фото: freepik.com
Алматыда ғаламтор арқылы ер адамдармен танысып, кейін оларды жалдамалы пәтерге апарып тонаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алаяқтардың әрекет ету схемасы бірдей. Жігіттер мен қыздар сайт арқылы танысып, кездесуге шақырады. Пәтерге барғанда бойжеткендердің сыбайласы жігіттерге шабуыл жасап, ақша мен бағалы заттарын тартып алатын болған.
Қазір полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адамды қолға түсірді. Департамент өкілдері тұрғындарға желіде танысқанда сақ болуды сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Ақтөбеде той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды (ВИДЕО)

18 тамыз, 2025
ІІМ: Жеті айда 20 мың есірткі сайты бұғатталды

18 тамыз, 2025
«Ауыр жарақат белгілері жоқ»: Астанада жол апатынан аман қалған жұмысшының жағдайы белгілі болды

18 тамыз, 2025
Шерзат ісі: бүгін сотталушылардың апелляциялық шағымы қаралады