Алматы және бірнеше облыста заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

6 тамыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
views100
Алматы және бірнеше облыста заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымымен күресуді жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылдың шілде айында прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚК мен ІІМ бірлесіп Алматы қаласы, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында бірнеше жедел іс-шаралар өткізілді.

«Бұл шаралар нәтижесінде 45 қару-жарақ тәркіленді, оның ішінде 6 Калашников автоматы, әртүрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшылық мылтық, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі алынды»,- делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Ақмола облысында бір кәсіпорында өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы анықталып, 20 кг жарылғыш зат тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, осы іс бойынша қосымша ақпарат жарияланбайды.