Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желі арқылы өз ағзасын сатпақ болған


Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлері әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласы тұрғынының бірі өзінің ішкі органдарын сатуға қатысты заңсыз мәміле жасамақ болғанын анықтаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық Полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасы бастамашылық жасаған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдіктіні ұстады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүріп жатыр», делінген ақпаратта.



