«Ұят қайда?»: Жаңаөзенде екі әйел төбелесті (ВИДЕО)
Жаңаөзенде балалар алаңында әйелдер төбелескен. Олардың жаға жыртысқан видеосы әлеуметтік желіге тарап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Видеоның жазбасында Жаңаөзендегі ойын-сауық алаңдарының бірінде әйелдердің төбелескені жазылған. Видеода екі әйелдің бір-бірінің жағасын жыртып, балалардың жылағанына да мән бермегенін көруге болады. Куәгерлер оларды ажыратуға тырысқаны байқалады.
Әлеуметтік желі қолданушылары әйелдердің бұл әрекетін ұятқа балап жатыр.
«Бұны көрген балаларға обал», «Ұят», «Масқара», «Олар балаларға қандай тәрбие бере алады?», «Ұят қайда?», - деп жазды пікір қалдырушылар.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі фактіні тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтағанын айтты.
Полицейлер екі әйелдің де жеке басына қатысты ақпаратты анықтады, кейін олар Жаңаөзен қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне шағымы немесе арызы тіркелген жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді полиция өкілдері.