00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мас күйінде көлік басқарған астаналық қамауға алынды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Мас күйінде көлік басқарған астаналық қамауға алынды

Полиция қызметкерлері тәулік бойы елорданың көшелері мен қоғамдық орындарында, тәртіпті сақтауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, 4 ақпан күні сағат 21:10 шамасында Әл-Фараби көшесінде маневр жасап жүрген Lada 21713 автокөлігін байқаған ПД патрульдік полициясы, тез арада оны тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра автокөлікті мас күйде басқарғаны анықталған. Наркология қорытындысына сәйкес ол «орташа» дәрежелі мас күйінде болған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, оның автокөлігі арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Айта кетейік, 3-5 ақпан күндері аралығында елорда аумағында «Мас жүргізуші-қылмыскер!» атты жедал алдын алу іс шаралары өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары көлік құралдарын мас күйінде басқарған 20 жүргізушіні анықтады.