00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада баланы рөлге отырғызған тұрғын жауапқа тартылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада баланы рөлге отырғызған тұрғын жауапқа тартылды

Астанада кәмелет жасына толмаған баласын көліктің руліне отырғызған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлады Elorda.info Police.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жас баланың көлік жүргізіп келе жатып басқа көлікті қаға жаздаған видеосы тарады.

Осы факті бойынша полицейлер 45 жастағы көлік иесін анықтады.

Ол ҚР ӘҚБтК 612-бабының 5-бөлігі (құжаты жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана тұрғынына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.