00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ашық тұрған құдыққа құлаған 25 жастағы қыз құтқарылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада ашық тұрған құдыққа құлаған 25 жастағы қыз құтқарылды

Елордада мамандар ашық құдыққа құлап кеткен қызды құтқарды, деп хабарлады Elorda.info ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«112» желісіне Ұлы Дала даңғылы мен Аңырақай көшесінің бойында ашық құдыққа әйел адамның құлағаны туралы хабар келіп түсті.

Шақыру орнына жедел түрде 13 қызметкер мен 3 бірлік техникадан тұратын елордалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Құтқару арқанының және сатысының көмегімен құдықтан 1997 жылғы қыз шығарылды,- делінген хабарламада.