00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Италияның Салерно қаласында 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып, мерт қылды деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.

Қайғылы оқиғаны растаймыз. Қазір марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Туыстарымен байланыстамыз, – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Италиядағы жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Салерно қаласында орын алған. 17 қаңтар күні Peugeo көлігін басқарған 20 жастағы жүргізуші Джузеппе Верди опера театры маңындағы жаяу жүргіншілер жолында студент қызды қағып кеткен.

Қазақ қызын қаққан жүргізуші оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, жедел жәрдем шақырған. Өкінішке орай, оны құтқару мүмкін болмады.