00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада көршісінің пәтеріне ұрлыққа түскен адам анықталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада көршісінің пәтеріне ұрлыққа түскен адам анықталды

Астаналық полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 43 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Тергеу барысында ер адамның Бараев көшесінде орналасқан үйде, көрші тұратын пәтердің иесі үйінде жоқтығын пайдаланып, кілттерді сәйкестендіру арқылы пәтерді ашып кіргені анықталды. Пәтерден ол «Samsung» маркалы теледидар мен микротолқынды пешті жасырын ұрлап, 295 мың теңге көлемінде залал келтірген.  

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицияға жеткізілген ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тәркіленген тұрмыстық техника иесіне қайтарылды.

Полицейлер азаматтарға сақ болуды және есіктерді сенімді құлыптармен жабуды ескертеді.