Астанада жас жігітті қорқытып ұялы телефонын тартып алған жасөспірімдер ұсталды
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында телефонды тартып алып кеткен 17 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғанындай, жәбірленуші Кемеңгерұлы көшесінің бойындағы аялдамалардың бірінде тұрғанда оған екі жасөспірім келіп қорқытып, құны 160 мың теңге тұратын «Redmi NOT11» маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмағандар кінәсін мойындады, ұялы телефон тәркіленіп иесіне қайтарылды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды