00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Курьер елорда тұрғындарының бірнеше телефонын сатып жіберген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Курьер елорда тұрғындарының бірнеше телефонын сатып жіберген

Астаналықтардың сатып алған 24 телефонын курьер талан-таражға салған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға тауарларды жеткізу компаниясының өкілі өтінішпен жүгініп, курьер сатып алушыларды алдап, телефондарды ұрлап кеткенін хабарлаған. Тергеу барысында ЖШС қызметкері интернет-дүкеннен тауарларды жеткізумен айналыса отырып, клиенттерге 24 телефонды жеткізбегені анықталды. Бұл ретте алаяқ курьер құжатқа сатып алушылардың қолтаңбаларын қолдан жасап қойып, гаджеттерді сатып жіберген.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен телефондарды иемденген Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт үй қамауына алынды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полицейлер азаматтарға Қылмыстық кодекске сәйкес аталған қылмыс мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланатынын ескертеді.