00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үйінде 3 келі мефедрон сақтаған елордалық ерлі-зайыптылар ұсталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Үйінде 3 келі мефедрон сақтаған елордалық ерлі-зайыптылар ұсталды

Бұл туралы Астананың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных айтып берді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

1 маусым-31 қазан аралығында өткен «Қарасора – 2022» алдын алу шарасы шеңберінде есірткі сатудың 60 фактісі тіркелді.

Биылғы маусым айында есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаумен және өткізумен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды. Ұсталған адамның гаражын тінту кезінде жалпы салмағы 40 келіге жуық марихуана тәркіленді, - деді Сергей Ильиных «Есіл» аудандық полиция басқармасында өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, қазір синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы мәселесі өзекті болып отыр.

Биыл 27 шілдеде Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Момышұлы даңғылында тұратын ерлі-зайыптыны ұстады және олардан жалпы салмағы 3 келі мефедрон тәркіленді. Есірткі өндіретін бір фитолабораторияның қызметі тоқтатылды. Осылайша, 20 маусымда тұрғын үйдің жертөлесінде қарасора өсірген 2 азамат ұсталып, 6 келіге жуық марихуана тәркіленді, - деді С. Ильиных.

Айта кетейік, елордада «Қарасора-2022» жедел алдын алу шарасы кезінде есірткіге қатысты 358 құқықбұзушылық тіркелді.

130 келіге жуық түрлі есірткі, оның ішінде 54 келі марихуана, 61 келі гашиш және 14 келіге жуық синтетикалық есірткі заңсыз айналымнан шығарылды.