00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада мәдениет саласында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді

Астанада мәдениет саласында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді
Фото: Instagram/kanalimov

Бұл туралы Астана қаласы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Олардың ішінде 400-ге жуық қызметкер бюджет саласының қызметкерлері ретінде тұрғын үй кезегінде тұр. Астана қаласының мәдениет және спорт салаларын дамытуға арналған кешенді жоспарлардың орындалуын қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында талқыладық. Бұл екі сала кезең-кезеңімен өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне көшуі тиіс екенін атап өттім. Бюджет қаржыландыруы тек әлеуметтік бағыттарға, соның ішінде мәдениет пен спорт саласы қызметкерлерінің жалақысын және өзге де төлемдерін арттыруға бағытталуы қажет», - деді төраға.

Сондай-ақ Ерлан Каналимов мәдени нысандарға келушілер бойынша талдау жүргізу туралы айтты.

«Театрлар, жастар сарайлары, мұражайлар, спорт мектептері секілді нысандардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Бұл бағыттар кешенді жоспарларда қарастырылған. Сондай-ақ кітапханалар мен өзге де мәдени нысандарға келушілер саны бойынша талдау жүргізуді тапсырдым. Оның негізінде келушілер санын арттыруға арналған жоспар әзірленуі қажет», - деді Ерлан Каналимов.