Азамат Айтхожин: Жасанды интеллектті енгізу – болашаққа жасалған қадам

Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин Президент Жолдауында айтқан жасанды интеллектті енгізу мен цифрландыру болашаққа жасалған қадам екендігін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында парламенттік реформа әділетті Қазақстанға апарар маңызды қадам болатынын атап өтті. Ол «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» жүйесін нығайтып қана қоймай, елді цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту сияқты жаңа сын-қатерлерге дайындауға бағытталған.
Біз қазір цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект экономикадан бастап білім беру саласына дейін барлық салаға еніп жатқан қарқынды технологиялық өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл Парламенттен тек құрылымдық жаңаруды ғана емес, сонымен бірге цифрлық үдерістерді реттей алатын жаңа құзыреттілікті, инновациялар мен азаматтардың құқықтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете білуді талап етеді.
Жасанды интеллектті енгізу мен цифрландыру – болашаққа жасалған қадам, ілгерілеу. Ал бір палаталы жүйеге көшу арқылы жүзеге асатын парламенттік реформа – билік институттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам», - деді Азамат Айтхожин.



