ШҚО-да полицей әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында полицей әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады.
10 қазанда ШҚО патрульдік полиция инспекторының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, бүгінде күдікті деп танылған 36 жастағы жәбірленушінің әріптесі Уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі аттанды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр. Бұл іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды, - деп толықтырды ШҚО ДП өкілі.
Оқиға Алматыдағы тасжолда болған.