Мектепте атыс болып, 9 адам қаза тапты
Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болып, тоғыз адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Elorda.info ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін полицияға Ижевск қаласының №88 мектебінде атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды, - деді Ұдмұрт Республикасы бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі.
Оқу орнының күзетшісі көз жұмды, студенттер арасында да құрбан болғандар мен жарақат алғандар бар.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаушы адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды.
Ұдмұрт басшысы Александр Бречалов оқиға орнына келді.
Мектеп Ижевск қаласының орталығында қала әкімшілігі ғимаратының жанында орналасқан. Қазір онда 982 оқушы оқиды, 80 мұғалім жұмыс істейді.