Теміртауда жасөспірімді зорлады деген күдікті сот ғимаратында асылып қалды
Оқиға 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін болған.
Ұсталған азамат кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге апару») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық соттың баспасөз қызметі күдіктіні сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға шығарып салып, қамауда ұстағанын, ол жерде өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталушыны қадағалауы тиіс Теміртау қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.