8 наурыз күні дәмханаға барған екі әйелді ұрып-соғып кеткен
Sputnik Qazaqstan-ның жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде жантүршігерлік кадрлар тараған. Онда екі әйелдің дәмханада айуандықпен өлтірілгені туралы айтылған. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті адам өлтіру фактісін жоққа шығарды.
8 наурыз күні сағат 05.00-де Оралдағы Абай даңғылы «Андеграунд» дәмханасында 1989 жылы туған С және 1990 жылы туған Т есімді екі қала тұрғынына дене жарақатын салды. Олар ауруханаға жатқызылды, - дейді полицейлер.
Жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Алғашқы тексеру ұлтаралық келіспеушілік белгісі жоқ екенін көрсетті, - деді ПД.
Айта кетері, 293-бабы 2-бөлігі бойынша 5 000 айлық есептiк көрсеткiшке (15 315 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.