00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қызылордада ұсталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қызылордада ұсталды

Тәртіп сақшыларының қолына түскен адам былтырғы жылдың қараша айында ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Сот үкімі бойынша бұлтартпау шарасы да таңдалған. Алайда содан бері құқық қорғаушыларына ұстатпай келді. Жедел қызметкерлер жүргізген іздеу шаралары нәтижесінде ол ұсталды. 

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылордалық полицейлер бұған дейін іздеуде болған 5 күдіктіні ұстады.