Түркістан облысында журналиске қастандық жасамақшы болғандар ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Orda.kz сайтының жазуынша, айғақ ретінде қылмыстан түсетін ақшаға сатып алынған екі көлік, сонымен қатар 16 калибрлі оқтар тәркіленген. Сарығаш ауданының тұрғыны, нақтырақ айтқанда, шенеунік журналисті өлтіруге тапсырма берген. Оның өмірінің құнын 5 миллион теңгеге бағалаған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себептері мен барлық мән-жайлары анықталатын болады.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін 3 қаңтар күні БАҚ беттерінде Сарығаш ауданындағы белгілі журналистің үйіне шабуыл жасалғаны айтылған болатын, оқиға кезінде оның баласы жарақат алған еді.
Ұқсас жаңалықтар