Қосымша құн салығын көтеруден бюджетке қанша қаржы түседі

9 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қосымша құн салығын көтеруден бюджетке қанша қаржы түседі
Фото: видеодан скриншот/ҚР Парламенті Мәжілісі отырысы

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бюджетке қанша қаражат түсетініні туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қосымша құн салығын көтеруден бюджетке нақты қанша қаражат түседі? Басқа салық жеңілдіктерінен қанша түседі? Әлеуметтік жағдай қиын болған жағдайда қарапайым халыққа қандай жеңілдіктер болады?» - деп сауал қойды депутат Нұртай Сабильянов мәжіліс отырысында. 

Оның айтуынша, ірі кәсіп субьектілері бұдан ешқандай ауыртпалық көрмейді. Тек қарапайым халық пен шағын және орта бизнес өкілдеріне күш түседі.

«Жер қойнауын пайдалушылар, темекі бұйымдарын шығарушылар, банктерге жеңлдіктер қарап отырсыздар. Атап айтсам, егер банктер экономиканың нақты секторын қаржыландыратын болса, 20 пайыз корпоративтік салық қойып қойғансыздар. Темекі бұйымдарына 11 130 теңге акциз болса, оны 36 пайызға дейін төмендетіп жібергенсіздер. Банктерге не үшін жеңілдіктер жасалады, олар қалай 20-25 пайызбен қаржыландырып отыр, солай жалғастырып жатыр. Егер олар 10 пайызбен қаржыландырса, онда жеңілдік қарастыруға болар еді», - деген ойын айтты Сабильянов.

Бұл сауалға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин былай жауап берді.

«Қосымша құн салығын 16 пайызға дейін көбейтсек, бюджетке 2,8 трлн түседі. Жеңілдіктерді азайтсақ, 1,3 трлн түседі. Осал топтарға цифрлық карта арқылы көмек көрсетеміз. Ешқандай банктерге, темекі шығаратын компанияларға арнайы көмек жасап жатқан жоқпыз, біз көмекті бизнеске жасап жатырмыз. Ал банктер салықты төлейтін ең жақсы нарықтық бизнестік субьектілер. Оларға қарсы жамандық айта алмаймыз», - деді ол.