00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарына жөндеу жүргізіледі

1 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарына жөндеу жүргізіледі
фото: ElordaInfo

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мәдениет және спорт министрлігіне қарасты бірқатар оқу орындарының ғимараттарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ға  ауданы 1000 ш.м. құрайтын үй-жайлы оқу корпусын ашуды тапсырды. Биыл академия осы үй-жайды қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжатын әзірлейтін болады. Сонымен қатар ЖОО студенттері үшін жаңа жатақхана салу бойынша БЖТ әзірленуде.

Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жатақханада, ойын залында, семсерлесу залында, күрес залында және асханада жүргізілді.

Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жатақханасында косметикалық жөндеу жүргізілді. Ал Риддер қаласындағы олимпиада резерві республикалық мектеп-интернат-колледжінде қойма үй-жайларына, цехтарға, шағын және үлкен залдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Косметикалық жөндеу Республикалық спорт колледжінде де жүргізілді.

«Барлық жөндеу - құрылыс жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, мәлімделген мерзімдерге сәйкес аяқталады. Сонымен қатар, жыл сайын музыкалық аспаптарды, спорттық құрал-саймандарды және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінеді. Келесі жылы бұл мақсатқа мәдениет және өнер саласындағы 4 колледжге 133 млн теңге бөлінеді», - деді Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Жанат Ахметов.