00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық студенттер театры халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

Елордалық студенттер театры халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді
Фото: дереккөз

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Шаңырақ» студенттік театры халықаралық «Sea. Sun. Festival» фестивалінде «Драмалық театр» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық жастар еуропалық көрермендерге режиссер Қуандық Қасымовтың «Қыз Жібек» саунд-драмасының қойылымын қазақ тілінде ұсынды, деп хабарлады Elorda.info

Халықаралық фестиваль Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өтті. Онда «Театр» аталымы бойынша 7 мемлекеттен 9 театр ұжымы өнер көрсетті. Қазылар алқасы спектакльдің қойылым деңгейін және ЕҰУ студенттерінің актерлік шеберлігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» студенттік театры 2011 жылы құрылған. Шығармашылық ұжымда 50-ден астам жас талантты әртіс өнер көрсетеді. Олар көптеген халықаралық байқауларда бірнеше мәрте топ жарған. 

«Шаңырақ» – драматург Жолтай Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» қойылымын ағылшын тілінде сахналаған еліміздегі алғашқы студенттік театр. 

Олардың репертуарында – К.Жүнісовтің «Ғашықтар тарихы» комедиясы, Қ.Қасымовтың «Тамаша айым – тамызым» монодрамасы, А.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер», «Махаббат қызық мол жылдар», «Желсіз түнде жарық ай», «Ғасыр дерті» секілді басқа да қойылымдар бар.