00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық әртістер Ташкентте концерт қояды

Елордалық әртістер Ташкентте концерт қояды
Фото: дереккөз

12 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі Ташкент қаласындағы «Туркистон» сарайында «Достық жыры» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланысты нығайту, екі ел арасындағы достықты одан әрі тереңдету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кеш барысында көрермендерді оркестрдің сүйемелдеуімен ұсынылатын әсем сазды әуендер мен әуезді күйлер орындалмақ. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов жетекшілік ететін бұл ұжым әрбір шығарманы үлкен жауапкершілікпен орындап, ұлттық өнердің нақышын көрерменге терең жеткізеді. Оркестрдің дирижері, ҚР Мәдениет қайраткері – Нұрлан Бекенов.

Бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Анар Мұздаханова, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова, Мәдениет саласының үздіктері Ботагөз Ташимова, Әмина Бошымова, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Жандос Иманбай, Талғат Аллабиринов, Фируза Рахметова өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, өзбек халқының атақты әншісі, Өзбекстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов қазақ және өзбек композиторларының туындыларын орындайды.

Айта кетейік, кештің басталуы 19.00-де.

Кеш жүргізушісі – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Марат Әйтімбай.