00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қолөнершілер жәрмеңкесі мен ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр

4 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қолөнершілер жәрмеңкесі мен ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр
Elordainfo.kz

Астанада «Аламан құрақ» жобасы аясында қолөнершілер жәрмеңкесі және мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

 

 

Рәміздер күніне орай өтіп жатқан жәрмеңкеге 250-ге жуық қолөнерші қатысып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнершілердің құрақ көрпелерін қызықтап, оның тарихы мен жасалу жолы туралы мол мағлұматқа қанығуда. 

 

Таңертең басталған жәрмеңке кешке дейін созылмақ.

Құрақ көрпе – қазақ халқының ұлттық құндылығы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр.

Айта кетейік, «Қазақтың құрағына әлем керек» деген ұранмен «Аламан құрақ» жобасы ұйымдастырылды.