Қазақ музыканттары Страсбург көрермендерін таң қалдырды
Қазақстандық шығармашылық ұжымдарының Францияға гастрольдері аясында ҚР Бас консулдығы Страсбургта орналасқан Еуропалық парламентшілер қауымдастығының алаңында «FORTE TRIO» камералық-аспаптық ансамблінің концертін ұйымдастырды, - деп хабарлады Elorda.info
Атақты қазақстандық ұжым «Еуропалық және Рождестволық Астана» тұрғындары мен қонақтарына әлемдік классика жауһарлары және Қазақстанның музыкалық өнерінің бай дәстүрін сыйлады.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, осы ұжымның негізін қалаушысы Т. Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаттары М. Нарбеков (виолончель) және М. Жүсіпов (скрипка) тұлғасындағы топтың ең ұлы жанға жайлы шығармалардың әсерлі орындаулары дипломатиялық корпус, қала әкімдігі, қоғамдық және саяси топтар өкілдері, сондай-ақ Еуропа Кеңесі Хатшылығының лауазымды тұлғаларыарасынан Страсбург көрерменін аспаптардың үйлесімді дыбыстауымен таң қалдырып, жарқын ұмытылмас әсер қалдырды,- деп жазды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Концерт бағдарламасына отандық академиялық және дәстүрлі мәдениеттің жарқын үлгілері – «Япурай» мен қазақ халқының рухани құндылықтарын бейнелейтін «Кероғлы»эпикалық аңызының виртуоздық орындалуы кірді. Кеш қонақтары орындаушыларды ұзақ қошаметпен жібермей, «Ұлы дала әуендерінің» үніне риза болды.
ҚР Бас консулы Анель Бақытбекқызы ансамбльдің шеберлігіне ризашылығын білдіре отырып, ұйымдастырылған қойылымның екі ел арасындағы мәдениетті танудағы және француз бен еуропалық көрерменнің Қазақстанмен жақындасуындағы маңыздылығын атап өтті.