00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Астана Опера» әртістерінің өнерін Словенияда 10 мың адам тамашалады

27 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астана Опера» әртістерінің өнерін Словенияда 10 мың адам тамашалады
Фото: «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінен

«Астана Операның» әйгілі балет труппасы  Словенияда 71-інші жазғы Любляна фестивалінде гастрольмен өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдік балет жұлдызы, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова құрған гастрольдік бағдарлама екі күннің ішінде Крижанке жазғы сахнасында 10 мыңға жуық көрермен жинады. 

Кеште А.Аданның «Корсар» балетінен үзіндіні әртістертерден  Әнел Рүстемова, Олжас Тарланов және труппа солисі Диас Құрманғазы орындады.

IMG-5767.JPG

Жетекші солист Еркін Рахматуллаев пен солист Шұғыла Әдепханның интерпретациясындағы Риккардо Дригоның «Талисман» балетінен па-де-де көрермендердің зор сүйіспеншілігіне ие болды. Ашық аспан астындағы театр сахнасына қазақстандық прима Әйгерім Бекетаева бидегі жұбы Олжас Тарлановпен бірге шыққанда қошеметтердің қатты естілгені сонша, бүкіл Любляна қол соққандай болды. 

Кештің басты оқиғасы Ренат Гайсиннің музыкасына «Дала үні» нөмірі мен Патрик де Бананың хореографиясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің музыкасына «Қилы заман» ұлттық нөмірінің орындалуы болды. Орындаушылар Анастасия Заклинская, Ғалымжан Нұрмұхамет, Бекзат Орынбаев пен Сұлтанбек Ғұмар жеткізген ұлттық колоритті, қазақ халқының рухын словениялықтар лайықты бағалап, солистерге ду қол шапалақ пен «Бәрекелді!» деген лебіздерін жаудырды, - деп жазылған хабарламада.

«Классиканы, ұлттық нөмірлер мен заманауи балетті бір гастрольдік бағдарламаға үйлесімді сыйғызу – асқан шеберлік. Труппаның өз мәнері бар: ерлер құрамы да, әйелдер құрамы да нағыз кәсіби деңгейді паш етті, – деп әсерімен бөлісті Агата Резник есімді көрермен. 

Қазақстандық әртістердің өнерін тамашалауға олардың шетелдік әріптестері, балет танушылар мен балет сыншылары да келді.