00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Әзірбайжан Мәмбетовтің мерейтойына арналған «Tеатрall» фестивалі өтеді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада Әзірбайжан Мәмбетовтің мерейтойына арналған «Tеатрall» фестивалі өтеді

Бұл туралы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин қала әкімдігінде «Елордада жаңа театр маусымының басталуы» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Фестиваль Әзірбайжан Мәдиұлының 90 жылдық мерейтойына орай өтеді. Фестивальге республикалық және шетелдік театрлардан 14 спектакль іріктеледі. Бұл спектакльдерді театр қызметкерлерінің құрамына кірмейтін тәуелсіз сарапшылар сайлайды. Бүгінгі күні театрдың электронды мекенжайына 25-тен астам өтінім келіп түсті. Қазақстанның түрлі өңірлерінен өтінімдер қабылданды. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан, түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымынан (ТҮРКСОЙ) өтінімдер қабылданды. Фестивальде ұсынылатын спектакльдерге қойылатын басты талап - Әзірбайжан Мәмбетов қойған пьесалар, - деді Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 22 қазан күні сағат 12:00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында фестивальдің ресми ашылуы, құрметті қонақтар мен қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама өтеді. Театр ғимаратында Ә.Мәмбетов атындағы көрме орталығын ашу жоспарланып отыр.