00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде балаларға арналған «Самғар күнделігі» кітабы жарық көрді

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде балаларға арналған «Самғар күнделігі» кітабы жарық көрді

Jaiq коммерциялық емес ұйымы co-creation, яғни бірлесіп құру тәсілімен жазған "Самғар күнделігі" атты өмірлік бағдар кітабын ұсынады. Үш бөлімнен тұратын кітаптың әзірге 1-бөлімі "Самғар күнделігі: Тасжарған" жарық көрді. Бұл күнделік-кітапқа комикс, өзін тануға арналған интерактивті тапсырмалар мен оқытудың заманауи әдістемелер жинағы енген. Ең маңыздысы – үш бөлімнің негізінде қысқаметражды анимациялық мультсериал жарыққа шығады. 

Кітаптың жарыққа шығуына Jaiq Community мүшелері атсалысты. Бұл – біздің ұйымның ықыласпен жасалған үлкен еңбегі. Ал жобаны бастауға мені мұнай-газ саласында қызмет етіп жүрген ел ағалары және олардың балалары шабыттандырды. Жарты өмірін вахтада өткізіп, денсаулығын сарп етіп жүрген асқар тау әкелердің келер буыны биікке самғаса деймін. Ұлттық адами капиталымыз басты сарқылмас байлығымыз екенін есте ұстау керек,– деді кітап авторларының бірі Ибрахим Ташим.

Идеяны қолдаған Саясат Нұрбек Жаңа Қазақстанның қанатты символы жаңаөзендік Самғар болғай деп тілек білдіріп, балалар жылында осындай бірлікпен жасалған әлеуметтік жобаның мүшесіне айналғанына қуанышты екенін айтты. 

Jaiq мүшелерінің айтуынша, бұл жоба кітап оқу әдетін қалыптастырып, шығармашылықты дамытуға және психикалық денсаулықты күшейтуге көмектеседі.

Қазір кітапты еш нәрсеге алаңдамай оқу қиын. Интернеттегі ақпарат ағынында батып, адасып жатырмыз. Бұл кітап сыни ойлау, қарым-қатынас құру, ішкі диалог жүргізу және депрессиядан корғану жолдарын дамытады. Оқу – біреудің ішкі дауысын естіп, жанын түсінуге мүмкіндік беретін, қазіргі қоғамға жетіспейтін құрал, – дейді олар.