00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Келінжан» сериалы толықметражды фильмге айналады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Келінжан» сериалы толықметражды фильмге айналады

Бұл туралы телехикаяда Балқияның рөлін сомдаған актриса Нұргүл Мыңғатова айтып берді. 

Алла бұйыртып «Келінжанның» толық метр фильмін бастап кеттік. Алла қаласа, алдағы уақытта попкорн алып, кинотеатрға барып көруге болады. Бұйырса сериалы алдағы уақытта басталады! Жақсы тілектерінізді аямаңыздар. Сіздерге ұнау үшін бар күшімізді саламыз. Бәрімізге Алла жар болсын, – деп бөлісті ол. 

Сондай-ақ, Айсараның рөлін сомдаған Дариға Бадықова түсірілім алаңынан фото жариялады. 

Әр жоба сайын уайым басым болады. Көрермен, бұл сіздің «Келінжан», – деп жазды ол. 

Айта кетейік, ауылдағы келіндердің өмірі жайлы сыр шертетін қазақстандық телехикая залық арасында кеңінен танылған еді. Сериалдың жарыққа шығып үлгерген үш маусымы YouTube желісінде миллиондаған қаралымдар жинап, қазақстандықтардың сүйікті фильміне айналды.