«Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды»: Бақыт Шадаева елден кешірім сұрады (ВИДЕО)
Turkystan.kz сайтының жазуынша, ол тікелей эфирде Димаш Құдайбергеннің ұстазы Майра Дәулетбақ пен тыңдарманның сұрақтарына жауап берген. Сол сәтте көпшіліктің Димаш туралы сөзін бұрмалап жібергенін, әншіні бала күнінен білетінін, оның әкесімен бірге «Жас қанат» конкурсына қатысқанын айтып, Димаш Құдайбергеннің талантты, өте дарынды әнші екенін атап өтті. Одан әрі ол өз сөзі үшін халықтан және Димаштан кешірім сұрайтынын айтты.
Оқи отырыңыз: ”Өзін көрсетудің амалы”: Меруерт Түсіпбаева Шадаеваның сөзін жоққа шығарып, Димашты қолдады
”Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды… – Бақыт Шадаева (ВИДЕО)
Жанкүйерлерден сол сөзім үшін кешірім сұраймын, – деді ол.
Студияда Димаштың ұстазы Майра Дәулетбақтың: «Осы сөзді не үшін айттыңыз?» – деген сұрағына Шадаева «Бастапқы кезде дайындықпен келсін деген оймен айттым» деп ақталуға тырысты.
Біз, өнер адамдары, бір-біріміздің сынымызға дайын болуымыз керек. Димаш туралы айтқан сөзімді аузыма Құдай салып тұрса, не деймін?! Біз отбасымызбен Димашты жақсы көреміз. Бұл дүниеде қателеспейтін адам бар ма?! Бәріміз қателесеміз, сыннан өтеміз. Кешірімді болу керек. Мен тағы да жанкүйерлерден кешірім сұраймын, – деді Бақыт Шадаева.