00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Зейнеткер деп қуып шығу әділдік пе?!»: Өнер иелері халықтан араша сұрады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Зейнеткер деп қуып шығу әділдік пе?!»: Өнер иелері халықтан араша сұрады

Әншілер бұл туралы facebook-тегі парақшасында жазды.

Біз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда 45 жылға жуық жұмыс істеп келеміз. Еңбегіміз еленіп, мемлекеттік марапат та алдық. Енді облыстық мәдениет басқармасы мен филармония басшылары бізді жұмыстан шығарып, киелі сахнаны босатыңдар деген талап қойып отыр. Сіздердің пікірлеріңіз қажет болып тұр. Нұрғали ағамыз, Бибігүл апайымыз, басқа да сахна саңлақтары әлі күнге дейін өз ұжымында жұмыс істеп, өнерін паш етіп жүр, - деп жазды олар.

Қазір облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда 4-5 республикаға еңбек сіңірген өнер қайраткері қалған екен. Фонограмассыз жанды дауыспен ән орындайтын аға буын өкілдері әлі де жастарға үйретеріміз көп дейді.

Бәрімізді зейнеткер деп сахнадан қуып шығу әділдік пе? Кейінгі өнерлі жастарға беткеұстар, облысымыздың мақтан тұтар өнер тарландары деп үлгі етудің орнына, сахнадан кетіңдер дегені қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар? Бәріміздің кәсіби деңгейіміз жоғары. Фонограмма қолданбаймыз, халық үшін сағаттап ән салып, күй тартуға бармыз, – деп жазды өнер иелері.