00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қабылдауға еліміздің әр өңірінен қатысқан тұрғындар өз сұрақтарын онлайн форматта қоюға да мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты болды.

Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алатынын ескертті. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік, азаматтардың жеке қабылдауы өңірлермен қатар, Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы, 8 ғимаратта орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайындағы азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.