00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Электр пойыздарда тамақтануға арналған буфеттер ашылды

20 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Электр пойыздарда тамақтануға арналған буфеттер ашылды
Бактыгуль Бурбаева

«Астана-Көкшетау» және «Астана-Атбасар» бағыттарында қатынайтын электр пойыздарында жолаушыларға жол барысында жеңіл тамақтануға арналған буфеттер ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Буфет вагонында ыстық тағамдар қарастырылмаған, алайда жолаушыларға күнделікті қолжетімді бағамен жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері, сусындар, жеңіл тағамдар, шоколад және ыстық сусындар ұсынылады», - деп жазылған «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Буфет электр пойыздарының сапары кезінде жол бойы жұмыс істейді. Мұнда бір жолаушыға арналған орташа чек, сусындарды қоса алғанда 700-1000 теңге шамасында болады.

Айта кетейік, №6829/6830 «Астана-Көкшетау» және №6803/6804 «Астана-Атбасар» бағыттарындағы электр пойыздарының жол жүру уақыты шамамен 4 сағатты құрайды.