«7 жасар баланы балконнан лақтырмақ болған»: Бес баланың ата-анасына айыппұл салынды
Астанада 7 жасар баланы балконнан лақтырып жібермек болған оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот отырысы барысында төрт ата-ана өз кінәсін мойындады, біреуі мойындамады.
«Сот кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, балаларын тұрмыста, қоғамдық орындарда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық ережелеріне үйретпегені үшін кінәлі деп танып, оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады», - деп көрсетті Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Естеріңізге саламыз, елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын кәмелетке толмаған бес бала «Суицидник» қауіпті ойынын ойнау үшін 7 жасар баланы құрбан ретінде пайдаланбақ болған. Олар баланы кіреберіске апарып, үшінші қабатқа көтеріп, баспалдақ пен баспалдақ алаңы арасында ұстап тұрған. Әрі олар бұл әрекетін видеоға түсірген.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.