Парижде Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
Ұлы Абайдың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылып отыр. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды.
“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады. Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз”, – деп жазды А.Көлгінов.