00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада осы аптада қандай мәдени шаралар өтеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада осы аптада қандай мәдени шаралар өтеді

«Жастар» театры 17 қараша күні сағат 19:00-де У.Шекспирдің «Ханзада «HAMLET» трагедиясын, ал ертеңінде күндіз 12:00 және 14:00-де В.Орловтың «Мейірімді жүрек» ертегісін көрсетеді. 19 қарашада көрермендерді С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасы күтеді. 20 және 21 қараша күндері «Жастар» театры «Моцарт» мюзикліне шақырады.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы аптаға түрлі бағдарламалар дайындап отыр. 17 қараша күні сағат 11:00 және 14:00-де жас көрермендерге арнап С.Астраханцевтің «Братец Лис и братец Кролик» ертегісін көрсетеді. 19, 20 және 21 қарашада кешке Р.Томның «Восемь любящих женщин» детективтік трагикомедияның премьерасына шақырады.

17 қарашада «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері би қимылдары бойынша мастер-класс өткізеді.

19-21 қараша аралығында Қуыршақ театры көрермендерді Ә.Салаеваның «Қасқыр мен бұзау» қойылымына шақырады.

18 қараша күні сағат 11:00 және 16:00-де Nomad City Hall-да «Жас Абай» драмасы, ал Музыкалық жас көрермен театрында 20 қараша күні сағат 18:00-де «Мальчики» драмасы көрсетіледі.

18 қараша күні сағат 19:30-да елорданың мемлекеттік академиялық филармониясы классикалық музыка кешін өткізеді. Көрермендерді Қазақстандағы Испания елшілігі ұйымдастырған симфониялық оркестрдің бірлескен концерті күтеді.

Астаналық цирк әлеуметтік желілерде 16 қараша күні сағат 18:00-де «Клоунская реприза» онлайн іс-шарасын, ал 18 қараша күні «Контраст» шығармашылық ұжымының өнерін көрсетеді.

19 қарашада «Жастар» сарайының Instagram-аккаунтында «М-Арт» театр студиясының қатысушылары «Стихоизоляция» жобасы аясында өнер көрсетеді.

16 қарашада танымдық іс-шаралар елорданың бірнеше кітапханасында өтеді. №5 бұқаралық кітапханасында «Рухани келісім, бірлік пен тұрақтылық кепілі», Мичурин кентіндегі №10 бұқаралық кітапханада «Толеранттылық жеке қасиет» ақпараттық сағаты, №3 бұқаралық кітапханада «Кемел парасатты – қаламгер!» іс-шаралары өтеді.

18 қарашада №5 бұқаралық кітапханада «Ақша тарихы: Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – ежелгі таньгадан қазіргі теңгеге дейін» бук-инсталляциясын, №7 бұқаралық кітапханада «Толерантты – үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі», №4 балалар кітапханасында «Родная земля – край степей и ковыля» атты көне көзқарас сағатын ұйымдастырады.

Күндіз №4 балалар кітапханасы «Бәріміз Жер планетасынанбыз» мейірімділік және достық сабағын, ал №3 балалар кітапханасы «Таза болса Табиғат – аман болар Адамзат» танымдық экологиялық сабағын өткізеді.
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені 16 қарашада Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай онлайн іс-шара өткізеді, ал ертеңінде әлеуметтік желілерде Халықаралық студенттер күнін атап өтеді. 20 қарашада мекеменің жазылушыларына арнап әлеуметтік желілерде «Ал сіз білесіз бе?» айдарын өткізеді. Сол күннің ертеңінде Міржақып Дулатовтың туғанына 130 жыл толады.

16 қарашада саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Қазақстанға жер аударылған халықтарды еске алуға арналған «Жүрек пен тағдырдағы із» көрмесі өтеді. 17 қарашада музей әлеуметтік желілерде Манаш Қозыбаевтың мерейтойына арналған «Тарих тарланы» атты бейнеролик жариялайды.

Сәкен Сейфуллин мұражайы күн сайын өзінің аккаунттарында жаңа танымдық ақпарат жариялап отырады. Осылайша, 16 қарашада «Сәкенді көзімен көргендер» айдарынан естеліктер, 17 қарашада «Ұлт мақтанышы» деректі фильмі шығады. 18 қарашада мұражай залдарындағы бейне-экскурсияны көруге болады. Сол күні түстен кейін «Үш бәйтерек» айдарынан «Сырсандық» бейнеролигі жарияланады.

17 қарашада Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында тұрғызылған Нұр-Сұлтан ескерткіштері» дәрісін ұйымдастырады, ал Салтанатты қақпа Халықаралық студенттер күнін мерекелеуді онлайн ұйымдастырады.

Жоспарланған іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өтеді.