NIS зияткерлері өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысты
Бес күндік сапар NIS зияткерлеріне шалқар шабыт пен жаңа идеялар сыйлады – жүздеген тарихи-мәдени орын, табиғи мекен, өндіріс ошағы мен білім-ғылым ұйымы «Туған елге тағзым» экспедициясының бағдарына енді.
Туристік жорық барысында елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Күлтегін ескерткішінің көшірмесімен танысты, ал өр тұлға Қабанбай батыр кесенесіне барған Халықаралық Бакалавриат мектебінің оқушысы Шәкірт Әли Minecraft ойынына кесененің макетін енгізген:
– Бұл саяхат бізді жігерлендірді, ал батырдың рухы қанаттандырды. Қабанбай батыр кесенесін замандастарыма таныстыру мақсатында Minecraft ойынында мемориалдық кешеннің үлгісін жасадым, бұл бір жағынан туған өлкенің тарихи жерлерін насихаттауға да арналады.
Айта кетейік, NIS-тің «Туған елге тағзым» экспедициясында 800-ге жуық зияткер зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік алды. Экспедиция аясында әзірленген жобалар LibGuides платформасында жарияланады, сондай-ақ желілік және республикалық ғылыми жобалар байқауына жолданады.